Астанада «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

    Астанада «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

    Елорда аумағында 5-9 қазан аралығында көші-қон заңнамасын сақтау деңгейін арттыруға, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу және еңбек ету тәртібін бұзу фактілерінің алдын алуға бағытталған «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
    Іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 60-тан астам шетел азаматы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзған 2 шетел азаматына қатысты ел аумағынан мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі қабылданды.
    Іс-шара барысында заңсыз көші-қонға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген болу тәртібін сақтауға бағытталған профилактикалық жұмыстарға да ерекше назар аударылуда.
    Полиция азаматтар мен жұмыс берушілерді көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тарту, олардың Қазақстан аумағында болу мерзімін бұзуы немесе тиісті құжаттарсыз еңбек қызметін жүзеге асыруы заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары