
Атырау облысы ТЖД ТЖ-ге жауап беру кезінде БЖҚ қолдануды меңгеру бойынша оқыту шарасы өтуде.
Оқытуға Атырау облысы ТЖД-ның 8 қызметкері қатысып, «мультиротор» типті 2-санаттағы (MID Rating) ҰАЖ операторларын даярлау бағдарламасы бойынша білім алуда.
Оқу барысында қызметкерлер ҰАЖ-ны басқару және пайдалану ерекшеліктерін меңгеріп, теориялық білімдерін практикалық жаттығулар арқылы жетілдіруде.
Сабақтар барысында ҰАЖ-ны әуеден бақылау және барлау жүргізу, төтенше жағдай орын алған аумақтағы ахуалды бағалау, сондай-ақ іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қолдануға ерекше көңіл бөлінуде.
Аталған оқу қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге және төтенше жағдайларға жедел әрі тиімді ден қою мүмкіндігін арттыруға бағытталған.









