Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жобалау ұйымы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    Атырау облысының ТЖД «Каусар Жоба» ЖШС-нің құжаттарын қарау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғанын анықтады. Сараптама қорытындысының күші жойылды.

    Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен «Каусар Жоба» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 312-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл мөлшері 432 500 теңгені құрады.

    Өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғаны Жылыой ауданындағы «Теңіз» вахталық қалашығында жатақхана мен қазандық салуға арналған жобалау құжаттамасын қарау барысында анықталды. Департаменттің хаты негізінде Атырау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы 2026 жылғы 29 қазанда жобалау ұйымына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады.

    Сараптама ұйымдары палатасының мәліметіне сәйкес, «ALTAIR SARAPTAMA» ЖШС осы жоба бойынша берген сараптама қорытындысының күші 2026 жылғы 22 қазанда жойылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары