Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері пауэрлифтингтен өткен Азия кубогында жоғары нәтиже көрсетті.
2026 жылғы 11–15 қараша аралығында Өзбекстан Республикасының Әндіжан қаласында пауэрлифтингтен халықаралық турнир – Азия кубогы өтті.
Аталған жарыста Атырау облысы ТЖД Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау аға сержанты Бралин Ерсейт Нұрмағамбетұлы еліміздің намысын абыроймен қорғады.
Ол 110 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде І орын иеленсе, абсолюттік салмақ дәрежесінде ІІІ орынға ие болды.
Әріптесімізді лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









