Атырау облысында жылыту маусымы басталғалы 17 өрт оқиғасы тіркелді

    Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37 пайызға аз. Былтыр осы уақытта 27 өрт болған.

    Бұл туралы брифингте Атырау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Райымбек Жонбай мәлімдеді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Өрт оқиғаларының есебінен екі адам жарақат алды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт кезінде 10 адамды, оның ішінде төрт баланы құтқарды.

    Өрттің негізгі себептері – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, пештер мен қазандықтарды орнату және пайдалану талаптарының бұзылуы, сондай-ақ отты абайсыз қолдану.

    Әлеуметтік осал топтағы азаматтардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылуда. Алдын ала тізімге енгізілген 1 333 тұрғын үйде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 1130 үйге газ және түтін дабылқаққыштары орнатылды. Жыл сонына дейін толық қамту жоспарлануда.

    - Өрт қауіпсіздігі – әрбір тұрғынның өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауынан басталады. Әсіресе қыс мезгілінде пештер мен қазандықтардың жарамдылығын тексеріп, электр сымдарының жағдайына назар аудару қажет. Түтін мұржаларын уақытылы тазалап, газ бен түтін дабылқаққыштарының дұрыс жұмыс істеуін қадағалау маңызды, – деді Райымбек Жонбай.

    Сонымен қатар 15 қыркүйектен бастап облыс тұрғындарына 112 нөмірі арқылы түтін мұржаларын тексеру және олардың жарамдылығын бақылау туралы SMS-хабарламалар жіберілуде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары