1 / 5
Атырау облысы ТЖД 2026–2028 жылдарға арналған тексеру кестесіне енген кәсіпорын өкілдерімен онлайн-кеңес өткізді.
Жиында берілген рұқсаттар бойынша біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізілетін тексерулердің тәртібі, мерзімдері, сондай-ақ бақылау субъектілерінің міндеттері түсіндірілді.
Сонымен қатар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтау және тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды уақтылы жою мәселелеріне назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









