Кезекті арнаулы атақтарды дәстүрлі түрде беру

    1 / 3

    Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрамның қатысуымен саптық іс-шара ұйымдастырылды

    Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің қызметтік жетістіктерін атап өту, олардың кәсіби ынтасы мен жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ қызметтік дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

    Іс-шара барысында қызметкерлерді жаңа лауазымдарға тағайындау, кезекті арнайы атақтар беру туралы бұйрықтар оқылды.

    Департамент басшылығы қызметкерлерді құттықтап, оларға зор денсаулық, қызметтеріне толағай табыс және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріне жаңа жетістіктер тіледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары