Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілермен кездесу өткізілді

    1 / 4

    Гарнизонның бос лауазымдарын толықтыру мақсатында Атырау облысы ТЖД кадр және тәрбие жұмысы басқармасының қызметкерлері мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерімен кездесу ұйымдастырды.

    Кездесу барысында әскери қызметшілерге қолда бос лауазымдар туралы ақпарат беріліп, азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдану талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, үміткерлердің жасы 18 бен 35 жас аралығында болуы, жалпы орта немесе арнаулы орта білімі болуы, денсаулық жағдайы мен дене дайындығы белгіленген талаптарға сәйкес келуі және соттылығының болмауы қажет. Бұған дейін әскери қызмет өткеру міндетті талап болып табылмайды. Ал жүргізуші лауазымына үміткерлерден «В», «С» санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы талап етіледі.

    Сонымен қатар, әскери қызметшілердің тұрғылықты өңірлері бойынша мәліметтер нақтыланып, азаматтық қорғау органдарына қызметке орналасуға ниетті азаматтарға консультациялық қолдау көрсету және алдағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

    Осындай кездесулерді өткізу әскери қызметшілерді қызметке орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға және гарнизон бөлімшелерін білікті кадрлармен толықтыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары