Атырау облысында төтенше жағдайлар кезінде мүгедектігі бар адамдардың қауіпсіздігі талқыланды

    1 / 5

    Төтенше жағдайлар департаментінде мемлекеттік органдар мен әлеуметтік мекемелер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

    Кездесу барысында төтенше жағдайлар кезінде мүгедектігі бар адамдарды хабардар ету және эвакуациялау, әлеуметтік нысандарды бейімдеу, қызметкерлерді даярлау және бірлескен оқу-жаттығулар өткізу мәселелері қаралды.

    Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша төтенше жағдайлар кезінде мүгедектігі бар адамдардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру жөніндегі алдағы шаралар айқындалды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары