ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК АЯСЫНДА 10 МЫҢ ТҮП ТАЛ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

    1 / 3
    Қазығұрт ауданында қоршаған ортаны көркейту, экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасына сәйкес күзгі тал егу жұмыстары жүргізілуде. Аудан көлемінде ұйымдастырылған жалпыаудандық сенбілік аясында 7 мың түп қарағаш пен 3 мың түп тұт көшеті отырғызылды.
    Іс-шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, атқарылып жатқан абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, аудан тұрғындарын қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, туған жердің көркеюіне үлес қосуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырды.
    Қазіргі таңда аудан аумағында ағаш отырғызу жұмыстарымен қатар, жасыл желектерді күтіп-баптау, суару, сарғайған жапырақтарды жинау шаралары жүйелі түрде атқарылуда. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында барлық ауылдық округтерде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуына ерекше көңіл бөлінуде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары