Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жеке қабылдауға келген Қазығұрт, Қақпақ және Жаңабазар ауылдық округтерінің тұрғындары өздерін толғандырған инфрақұрылымдық мәселелерді көтеріп, өтініш-тілектерін жеткізді.
Атап айтқанда, Қақпақ елді мекеніндегі Бәйтерек, Атамекен және Келес көшелеріне асфальт төсеу, ауыз сумен қамту, жаяу жүргіншілер жолын салу, сондай-ақ үй іргелік жер учаскелеріне қатысты мәселелер қозғалды.
Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы тұрғындардың әрбір өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме берді.
Сонымен қатар, мәселелерді жан-жақты зерделеп, шешу жолдарын қарастыру мақсатында жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Тұрғындар өтініштерінің орындалу барысы жеке бақылауында болатынын атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









