ШАРБҰЛАҚ АУЫЛЫ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

    1 / 4
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен тұрақты кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Шарбұлақ ауылы округінің тұрғындарымен кездесті.
    Кездесудің басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, тұрғындармен ашық әрі сындарлы диалог орнату, елді мекендердегі өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешудің нақты жолдарын айқындау.
    Жиында ауыл округінің тұрғындары елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын бере отырып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, ішкі көшелерге кезең-кезеңімен жарықтандыру орнату, жауын-шашын кезінде су басу қаупі туындайтын өткелдер мен арық-атыздарды қазу, тазалау жұмыстарына арнайы техника бөлу мәселелері көтерілді.
    Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, қойылған сауалдарға нақты жауаптар берді. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы назарға алынып, оларды заң талаптарына сәйкес шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
    Сонымен қатар, жиында айтылған бірқатар мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды. Аудан басшысы тұрғындар көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын және тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары