ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

    1 / 4
    Түркістан қаласындағы заманауи атшабарда көкпардан ересектер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Жарысқа Арыс қаласы, Шардара, Бәйдібек, Түлкібас, Ордабасы, Жетісай, Сайрам, Қазығұрт және Сауран аудандарының командалары қатысып, көкпар алаңында тартысты ойын өрнегін көрсетті.
    Бәсекенің ақтық кезеңіне Қазығұрт және Түлкібас аудандарының құрамалары шықты. Бас жүлде үшін өткен кездесуде қазығұрттық шабандоздар басымдық танытып, қарсыласын 4:2 есебімен жеңді. Осылайша Қазығұрт ауданының командасы облыс чемпионы атанды. Түлкібас ауданы күміс жүлдені иеленсе, Жетісай ауданының құрамасы үшінші орынға тұрақтады.
    Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров пен облыстық көкпар федерациясының президенті Ғани Ахметбаев, облыстық көкпар федерациясының вице-президенті Нұрғали Мылтықбаев марапаттады. Үздік командаларға арнайы медальдар, алғыс хаттар мен кубоктар табысталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары