1 / 8
Астана-Атырау бағытындағы №47/48 жолаушылар пойызы 9 вагонмен толықты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оның ішінде купеге 40, ал плацкартқа 56 орын қарастырылған.
Жаңа вагондар жолаушыларға заманауи жабдықтармен қамтылған. Климатты реттеу жүйесі, жеке жарықтандыру шамдары, 220 В розеткалары, бейнебақылау жүйесі және жүк орналастыруға арналған арнайы орындар бар.
Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар жолаушылардың жайлылығы ескерілген. Бұдан бөлек, әйелдерге арналған арнайы вагон да қарастырылған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









