
11 қазан — Қазақстан Республикасындағы Мүгедектігі бар адамдар күні.
Осы атаулы күнге орай Ұлытау облысында 18 жастан асқан I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдарға 20 000 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем көзделген.
Төлем жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде қолданыстағы әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Төлемді алу үшін өтініш беру талап етілмейді. Ақша қаражаты тиісті санатқа жататын азаматтардың банк шоттарына автоматты түрде аударылады.
Төлемдер 2026 жылғы 15 қазанға дейін аударылатын болады.
Мүгедектігі бар балаларға қосымша қолдау
Ұлытау облысында мүгедектігі бар балаларға 40 000 теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік қолдау көзделген. Аталған төлем Жаңа жыл қарсаңында беріледі.
Төлем алушылар:
* 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
* 7 жастан 18 жасқа дейінгі I, II және III топтағы мүгедектігі бар балалар.
Осылайша, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға Жаңа жыл қарсаңында 40 000 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.








