
Бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы бекіткен кестесіне сәйкес Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлының төрағалығымен азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, еңбек қатынастары саласына қатысты мәселелер бойынша өтініштері тыңдалды.
Қабылдау барысында азаматтардың еңбек қатынастары саласына қатысты өтініштері мен мәселелері тыңдалып, көтерілген сұрақтары бойынша қолданыстағы еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді.
Атап айтқанда, азаматтарды еңбек шартының жасалуы, еңбек ақысының төленуі, жұмыс уақыты мен демалыс режимі, еңбек құқықтарының сақталуы және еңбек қатынастарына байланысты өзге де мәселелерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жеке қабылдау – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, мәселелерін тікелей қарауға және заң аясында тиісті көмек көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды жұмыс бағыттарының бірі.
Департамент азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.









