ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ

    ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ

    2 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ базасында әлеуметтік қорғау саласын жетілдіруге арналған өңірлік оқыту семинары өтті.

    Семинарға Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және ішкі саясат басқармасының өкілдері қатысты.

    Іс-шара барысында әлеуметтік саясатты іске асырудың заманауи тәсілдері, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану және азаматтармен өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері қаралды.

    Қатысушылар Отбасының цифрлық картасын практикалық қолдану, мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыру, азаматтарды сүйемелдеу және халықтың өтініштерімен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағыттары бойынша тәжірибе алмасты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ" жаңалықтары