ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ·Жаңалықтар мұрағаты

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары Жаңаарқа ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарына көшпелі қызмет көрсетті.
Сапар барысында азаматтарға медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізіліп, мүгедектікті белгілеу мәселелері қаралды.
Көшпелі қызметтің басты мақсаты – МӘС қызметтерінің қолжетімділігін арттырып, азаматтарға қажетті көмекті тұрғылықты жеріне жақын жерде көрсету.









