
Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары
2026 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.М. Айдархан Қаражал қаласы мен Жайрем кентіндегі халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында әлеуметтік салаға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелері бойынша қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, қажетті түсіндірмелер ұсынылды.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру деңгейін көтеруге бағытталған.









