
⚜️Ойыл ауданында Ұстаздар күніне орай ұстаздар қауымына арналған «Мың алғыс сізге, Ұстазым!» атты мерекелік салтанатты шара өтті.
🔹️Мерекелік кешке аудан әкімі Сәкен Ғазизұлы аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық білім бөлімінің басшысы, білім беру ұйымдарының басшылары, ардагер ұстаздар, педагогтер, марапат иелері және шақырылған қонақтар қатысты.
🔸️Шара барысында «Ұстаз – ұлы есім» тақырыбындағы фотокөрме ұйымдастырылып, ауданымыздағы 33 білім беру ұйымында еңбек етіп жүрген педагогтердің кәсіби портреттері көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрме – ұстаз еңбегіне деген құрмет пен ризашылықтың ерекше көрінісі болды.
🔹️Мерекелік кеште ұстаздық мамандықтың тарихы мен бүгінгі бейнесін сабақтастырған «Дәуірлердің қаһарманы – мұғалім» қойылымы ұсынылып, ұстаз еңбегінің қай кезеңде де қоғам үшін маңызы зор екені көрініс тапты.
🔸️Шара барысында білім саласында еселі еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздар мерейлі 70-75 жас төсбелгісі облыстық білім басқармасының, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен, қаржылай сертификаттармен, және кәсіподақ ұйымдарының марапаттарымен марапатталды.
⚡️Бүгінде Ойыл ауданының білім бөліміне қарасты 33 білім беру ұйымында 743 педагог қызмет етеді. Әр ұстаздың еңбегі – ел болашағына салынған берік негіз.
⚡️Мерекелік кеш аудан өнерпаздары мен жас таланттардың ұстаздарға арналған ән-жырларымен жалғасып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұстаз – шәкірт жүрегіне білімнің шамын жағып, адамгершілік пен ізгіліктің дәнін себетін ұлы тұлға.
Барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігі еселене берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты ұстаздар! 🌷








