Ақтауда жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізілуде

    Ақтауда жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізілуде

    Ақтау қаласында автомобиль жолдарын күтіп ұстау және абаттандыру жөніндегі жұмыстар аясында мердігер мекеме тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда.

    Қала аумағында жол жиектері мен арықтар тазартылып, көшелердің санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жол белгілерін жаңарту және қоғамдық көлік аялдамаларын жуу мен тазалау жұмыстары жүзеге асырылуда.

    Аталған жұмыстар қаланың тазалығын қамтамасыз етуге, жол инфрақұрылымының жағдайын жақсартуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және тұрғындарға қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары