Ақтаулық ардагер журналист Ағлен Таласбаева өз таңдауын жасады

    1 / 2

    Бүгін, 29 қарашада журналистика саласының ардагері, қоғам белсендісі Ағлен Таласбаева Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

    Өңірдің ақпарат саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагер № 34 сайлау учаскесіне барып, азаматтық ұстанымын білдірді.

    Ағлен Таласбаева сайлаудың жергілікті деңгейдегі маңызды мәселелерді шешудегі, сондай-ақ тұрғындардың мүддесін білдіретін өкілдерді таңдаудағы маңызына тоқталды.

    – Сайлау – әр азаматтың өз таңдауын білдіріп, қала өміріне қатысты мәселелерге үн қосуына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық науқан. Сондықтан әр тұрғынның дауыс беруі жергілікті өкілді органның жұмысын қалыптастыруда өзіндік мәнге ие, – деді Ағлен Таласбаева.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары