Бүгін, 29 қарашада Ақтау қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерінде Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай дауыс берушілерге арналған концерттік бағдарламалар ұсынылды.
Мәдени шаралар барысында жергілікті өнерпаздар ән шырқап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Дауыс беруге келген қала тұрғындары концерттік бағдарламаларды тамашалап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
– Ақтаудағы сайлау учаскелерінде ерекше атмосфера қалыптасқан. Мен де саяси науқан барысында учаскелердің біріне келіп, әнімді шырқадым. Қала тұрғындарына керемет көңіл күй сыйладым деп есептеймін. Барша қала тұрғындарын дауыс беруге шақырамын, – деді әнші Ақмарал Арғынқызы.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









