1 / 4
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы №83 сайлау учаскесіне барып, мәслихат депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.
Учаскелер таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеп, дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Сайлау процесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында учаскелер тиісті талаптарға сай жабдықталған. Сондай-ақ дауыс берушілерге қажетті ақпарат беру және олардың сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуіне жағдай жасау шаралары қарастырылған.
Семей қаласының аумағында 1 аумақтық, 7 облыстық округтік, 22 қалалық округтік және 127 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс атқаруда. Оның ішінде сайлаушылар саны – 219 801 адам.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









