«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері «Комикс-кафе» жобасы аясында «Біз жасаған комикс әлемі» атты комикс кешін өткізді.
Кеш басында кітапхана қызметкері балалардың шығармашылығы мен өзін-өзі көркемдік тұрғыда танытуының маңыздылығын атап өтті.
Әрі қарай жас қатысушылар ұлы ақын Абай Құнанбаевтың Иван Крыловтың қазақ тіліне аударған мысалдарының желісі бойынша өздері салған комикстерін таныстырды. Әрбір қатысушы мысал кейіпкерлеріне мінездеме беріп, олардың іс-әрекеттерін талдап және өзіндік ерекшеліктерін айқындады.
Сонымен қатар балалар, өз комикстерінің жасалу тарихымен бөлісіп, сюжеттерді құрастыру, жаңа оқиғалар ойлап табу және басты кейіпкерлердің бейнесін жасау үдерісі туралы әңгімеледі. Қатысушылар кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен сыртқы келбетін таныстырды. Комикстермен жұмыс істеу балаларға қиялын ұштауға, көркемдік қабілеттерін дамытуға, кейіпкерлерді бейнелеу және оқиғаны жүйелі баяндау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында «Комикс-кафе» жобасы аясында балалардың жыл бойы жасаған шығармашылық жұмыстарына шолу жасалды. Қатысушылар өз суреттері мен дайын комикс-кітапшаларын ұсынып, туындылардың сюжеттерімен, кейіпкерлерімен және авторлық ой-тұжырымдарының ерекшеліктерімен таныстырды.
Қалалық орталық кітапхана
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









