Сарысу ауданында прокуратура мен полицияның бірлескен шаралары нәтижесінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының қорытындысымен мал ұрлығына қатысы бар үш тұлғадан тұратын топ анықталды.
Анықталғандай, аталған тұлғалар 2025 жылғы 10 қазаннан 2026 жылғы 7 наурызға дейінгі кезеңде түнгі уақытта жайылымдардан айдап әкету арқылы жалпы сомасы 11,5 млн теңгені құрайтын 23 бас малды ұрлаған.
Қазіргі уақытта жәбірленушілерге келтірілген залал толық өтелді.
ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іс айыптау актісімен мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Сонымен қатар 3 бас малды ұрлаған басқа тұлғаға қатысты сот айыптау үкімін шығарды. Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, оған нақты бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Жалпы, ағымдағы жылы аудан аумағында мал ұрлығына байланысты 9 қылмыс тіркеліп, оның 7 -еуі ашылды, бұл 77,7%-ды құрайды.
Прокуратура ескертеді: бөтеннің малын ұрлағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық көзделген, мүлікті тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Жамбыл облысының прокуратурасы







