Жуалы ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуын талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға жүйелі түрде қатысу фактілерін анықтады.Анықталғандай, жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы тұрақты түрде ақшалай ставкалар жасап отырған.2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуына заңнамалық тыйым салынған. Аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді сақтамау мемлекеттік қызметтен босатуға негіз болып табылады.Аталған шаралар ойынға тәуелділіктің алдын алуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға бағытталған.Белгіленген шектеулерге қарамастан, лауазымды тұлғалар құмар ойындарға қатысуды жалғастырып, осылайша заңнама талаптарын бұзып, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, азаматтардың сеніміне селкеу түсірген.Мысалы, жергілікті атқарушы органның бір бас маманы ойын шотына 23 млн теңгеден астам қаражат аударған.Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері және тәртіптік комиссияның шешімі бойынша 4 мемлекеттік қызметші теріс себептермен жұмыстан босатылды.Құмар ойындарға қатысу ойынға тәуелділік қаупін тудырып қана қоймай, құқықтық салдарға да әкеп соғуы мүмкін.
Жамбыл облысының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






