Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті

    Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті

    Бүгін, 6 қазан күні Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті. Жиынға Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш, қалалық мәслихаттың төрағасы Сембіғали Зәкенов, қала әкімдігінің бөлім басшылары мен қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

    Сессия барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық маңызы бар бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2026–2028 жылдарға арналған Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылының бюджетіне өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Аталған комиссия кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді.

    Бұдан бөлек, қала әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу жөніндегі комиссия мен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізу ұсынысы қаралды.

    Сондай-ақ Ақтау қаласының терроризмге қарсы комиссиясының құрамына қатысты мәселе күн тәртібіне енгізіліп, талқыланды.

    – Бүгінгі талқыланған мәселелердің шешіміне атсалысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Абырой – ортақ, қала – жалғыз. Қашан да жергілікті атқарушы билік өздеріңізбен ашық әрі бірлесіп жұмыс істей отырып, қаланың экономикалық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді, – деді қала әкімі Мақсат Асқарұлы.

    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар таныстырылып, депутаттар тарапынан жан-жақты қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары