
⚜️ Ойыл ауданының әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және тиісті сала жетекшілері қатысты.
🔸️ Аппарат отырысында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы, «TAZA QAZAQSTAN» акциясының орындалуы, "КӨКЖАР" КМК нысандарының қысқы маусымға дайындығы және Ойыл ауданының 9 айдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы қаралды.
🔹️ " КӨКЖАР" КМК нысандарының қысқы маусымға дайындығы туралы "Көкжар" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысының орынбасары Мамбеталин Данияр Киікбайұлы баяндама жасаса, Ойыл ауданының 9 айдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы Ойыл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Құбаев Ғарифолла Антонұлы тоқталды.
🔹️ Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
🔸️Аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталды.








