Қасым мен Мұқағали әлемі» шығармашылық сайысы өтті

    Қасым мен Мұқағали әлемі» шығармашылық сайысы өтті

    «Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобында қазақтың көрнекті ақындары Қасым Аманжоловтың 115 жылдығы мен Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қасым мен Мұқағали әлемі» шығармашылық сайысының ақтық кезеңі өтті.

    Байқауды «Қазақ тілі» клубы ұйымдастырды. Негізгі мақсат - мемлекеттік тілді дәріптеу, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру.

    Жарыстың ақтық кезеңіне «Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобының 20 еншілес және ведомстволық бағынысты ұйымынан 41 қызметкер қатысты. Қатысушылар екі номинация бойынша өнер көрсетті: ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу және олардың сөзіне жазылған әндерді жанды дауыста орындау.

    Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер диплом және сыйлықпен марапатталды, сондай-ақ арнайы «Көрермен көзайымы», «Ерекше шоу-бағдарлама» және «Креативті орындау» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

    Сайыс қорытындысынан кейін финалистер Қасым Аманжоловтың туған жері - Қарқаралыға барып, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи-мәдени орындармен танысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті" жаңалықтары