Қарағанды облысында жоғары білім беру қызметкерлерінің күні аталып өтті

    Қарағанды облысында жоғары білім беру қызметкерлерінің күні аталып өтті

    Қарағанды облысында жоғары білім беру қызметкерлерінің күні аталып өтті

    Жоғары білім саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыс әкімдігінде өңір университеттерінің оқытушылары мен мамандары бас қосты. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей төрағалық етті.

    Жиында білікті кадр даярлауға, ғылымды дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосып жүрген сала мамандарына құрмет көрсетілді.

    Жоғары білім – елдің зияткерлік және ғылыми әлеуетінің негізі. Жастарға сапалы білім беріп, оларды білікті маман ретінде қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі орасан. Бүгінде жоғары оқу орындарына заман талабына сай кадр даярлау, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану сынды міндеттер жүктеліп отыр. Өңіріміздегі университеттер осы бағыттарда жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, – деді Әлібек Әлденей.

    Қазіргі таңда облыста сегіз жоғары оқу орны бар. Онда 44 мыңға жуық студент білім алады. Жастарға үш мыңға тарта оқытушы дәріс береді.

    Ұлттық және халықаралық рейтингтерден орын алған Қарағанды университеттері еліміздегі және шетелдегі білім ордаларымен әріптестік байланыстарын нығайтып, ғылыми ізденістерге және жаңа технологияларды игеруге ден қойып келеді.

    Кездесу соңында жоғары білім саласының дамуына және жас мамандарды даярлауға елеулі үлес қосқан бірқатар оқытушы мен қызметкерге Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" жаңалықтары