«SHABYT КЕШІ»: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ШАБЫТ ТОҒЫСҚАН КЕШ

    1 / 7

    17 қараша күні Қарағанды облысының жастар клубтарын дамыту жобасы аясында «Shabyt кеші» қорытынды іс-шарасы өтті.

    Кеш өңірдің комьюнити-орталығы мен жастар клубтарының өкілдерін, шығармашыл және белсенді жастарды біріктірді. Іс-шараға 150 қонақ қатысты.

    Кеш барысында жастар клубтарының шығармашылық және білім беру бағыттарындағы жетістіктері таныстырылып, қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.

    Концерттік бағдарлама аясында музыкалық және би ұжымдары, жеке орындаушылар өнер көрсетті. Кештің арнайы қонағы әрі хедлайнері Думан Марат болды.

    «Shabyt кеші» жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өзара тәжірибе алмасуына және жаңа бастамалардың қалыптасуына мүмкіндік берген ерекше алаңға айналды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" жаңалықтары