Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті нотариаттық әрекеттер жасауға уәкілетті ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларына аттестаттау өткізді.
Аттестаттау барысында қатысушылардың нотариаттық қызмет саласындағы, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша білімдері, сондай-ақ нотариаттық әрекеттер жасау жөніндегі практикалық дағдылары тексерілді.
Сонымен қатар, қатысушылар қолданыстағы нотариустан практикалық кеңес алды. Нотариус кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, жекелеген нотариаттық әрекеттерді жасаудың ерекшеліктерін түсіндірді және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









