«Жасанды интеллект: мүмкіндіктер, тәуекелдер және цифрлық қауіпсіздік»

    «Жасанды интеллект: мүмкіндіктер, тәуекелдер және цифрлық қауіпсіздік»

    Ақпараттық технологиялар колледжінде студенттермен «Жасанды интеллектінің көлеңкелі жағы» атты өзекті тақырыпқа арналған профилактикалық кездесу өтті.

    Дәріс барысында студенттерге жасанды интеллектінің заманауи мүмкіндіктері және оны құқыққа қайшы пайдалануға байланысты тәуекелдер туралы айтылды.

    Қатысушыларға цифрлық және қаржылық қауіпсіздіктің негізгі қағидалары түсіндіріліп, интернеттегі ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға және жеке әрі банктік деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге шақырды.

    Профилактикалық кездесуге колледждің 125 студенті қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті" жаңалықтары