
Павлодарда квазимемлекеттік сектордың комплаенс-қызметтері өкілдерінің қатысуымен олардың қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында қатысушылар комплаенс-қызметтердің 2026 жылдың өткен кезеңіндегі жұмыс нәтижелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді, сондай-ақ ұйым қызметкерлері арасында экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылады.
Департамент басшысының орынбасары Г.Н. Қасымов қатысушыларды экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы хабардар етіп, осы саладағы өзекті тәуекелдерге тоқталды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалы базасында комплаенс-қызметтер өкілдерін оқытуды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған одан әрі өзара іс-қимыл мен жүйелі профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.








