
«Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында Margulan University-де «ойынға тәуелділіктің алдын алу-лудомания» мәселелеріне арналған 1 — курс студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараның спикерлері Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі, сондай-ақ облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы болды.
Кездесу барысында қатысушыларға ойынға тәуелділіктің негізгі белгілері, оның пайда болу себептері және ықтимал жағымсыз салдарлар, нақты жағдайлар туралы айтылды. Құмар ойындармен байланысты тәуекелдерге, олардың адамның қаржылық жағдайына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік өміріне әсеріне ерекше назар аударылады.
Іс-шараға жоо-ның 90-ға жуық студенттері мен оқытушылары қатысты.









