«Черноярская жемчужина» шипажайында қаржылық қауіпсіздік бойынша кездесу өтті.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Черноярская жемчужина» шипажайында қаржылық қауіпсіздік бойынша кездесу өтті.

    «Черноярская жемчужина» шипажайында қарт азаматтармен қаржылық қауіпсіздік және алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

    Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері полиция департаментінің өкілдерімен бірлесіп профилактикалық әңгіме өткізіп, қатысушыларға қаржылық және интернет-алаяқтықтың неғұрлым кең таралған схемалары туралы айтып берді.

    Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды қырағы болуға, «тез табыс табу» және күмәнді инвестициялар туралы ұсыныстарға сыни көзқараспен қарауға, ал күдікті жағдайлар туындаған кезде дереу құзыретті органдарға жүгінуге шақырды.

    Мұндай кездесулерді өткізу қаржылық сауаттылықты арттыруға және қазіргі заманғы қаржылық және цифрлық қауіп-қатерлер жағдайында азаматтардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары