🔹Шевченко, Бөрте және Қызылжар ауылдарының тұрғындарымен кездесу өтті

    🔹Шевченко, Бөрте және Қызылжар ауылдарының тұрғындарымен кездесу өтті

    Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов Қызылжар ауылдық округіне қарасты Шевченко, Бөрте және Қызылжар ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелері тыңдалып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

    Аудан басшысы ауылдардағы әлеуметтік нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты. Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарының жұмыс барысы, материалдық-техникалық жағдайы, сондай-ақ алдағы кезеңге қажеттіліктері назарға алынды.

    Сонымен қатар, Шевченко, Бөрте және Қызылжар ауылдары табиғи газға қосылған елді мекендер қатарында. Үш ауылды газдандыру жобасы аясында 74 шақырым газ құбыры тартылып, тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптасты.

    Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі әлеуметтік нысандардың қысқы кезеңге толық әрі сапалы дайын болуын қамтамасыз етуді, қажетті отын қорын уақытылы қалыптастыруды және тұрғындар көтерген мәселелерді назардан тыс қалдырмай, нақты шешімдер қабылдауды тапсырды.

    Аудан басшысының ауылдарға жұмыс сапарлары барысында тұрғындармен ашық диалог орнату және елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мәселелері тұрақты назарда болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мәртөк ауданы әкімдігі" жаңалықтары