АЛАКӨЛДЕ ЕҢБЕК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

    АЛАКӨЛДЕ ЕҢБЕК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

    АЛАКӨЛДЕ ЕҢБЕК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

    Алакөл ауданында еңбек адамын ұлықтауға арналған салтанатты шара өтті. З. Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік жиынға еңбек ардагерлері, түрлі сала мамандары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен аудан тұрғындары қатысты.

    Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Мәулен Төлеубекұлы Төлеужанов жиналғандарды Еңбек күнімен құттықтап, адал еңбегімен ауданның дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

    Аудан әкімінің орынбасары еңбек ел дамуының негізгі тірегі екенін атап өтіп, әр салада өз міндетін жауапкершілікпен атқарып жүрген мамандардың еңбегі қашанда жоғары бағаланатынын жеткізді. Сондай-ақ еңбек ардагерлерінің кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі жолына тоқталып, жас буынды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке және елге қызмет етуге тәрбиелеудің маңызын атап өтті.

    Салтанатты жиын барысында өз саласында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ауданның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар табысталып, ақшалай сертификаттар берілді. Еңбек ардагерлеріне де құрмет көрсетіліп, олардың ел игілігі жолындағы еселі еңбегі атап өтілді.

    Мерекелік шара мәдениет үйінің өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасына ұласты. Еңбек тақырыбындағы әндер шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Еңбек күні – ел игілігі жолында аянбай қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалап, қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды мереке.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Сапақ ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары