№43 мектеп оқушыларына ЖИ қолданудың қауіптері туралы айтылды

    №43 мектеп оқушыларына ЖИ қолданудың қауіптері туралы айтылды

    «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Павлодар қаласының №43 мектебінде «Жасанды интеллектінің көлеңкелі жағы» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.

    Департамент өкілі оқушыларға жасанды интеллектінің заманауи мүмкіндіктері және оны заңсыз пайдалануға байланысты қауіптер туралы айтып берді.

    Оқушыларға күмәнді контент пен алаяқтық схемаларды қалай тануға болатыны, сондай-ақ интернеттен алынған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалаудың маңыздылығы түсіндірілді.

    Іс-шараға 9-сыныптың 70 оқушысы қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті" жаңалықтары