АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

    АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Байхожайев Берікбол Ұзақұлы мен Қызылорда «Болашақ» университетінің ректоры Снасапова Гүлжахан Жұмашқызы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және адам құқықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
    Меморандум жастар арасында құқықтық ағартушылықты дамыту, адам құқықтары мен бостандықтары туралы білімді кеңейту, азаматтық жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастықты көздейді.
    Ынтымақтастық аясында дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен пікірталастар өткізу, студенттерді құқық қорғау және зерттеу жобаларына тарту, жастардың құқықтық клубтары мен бастамаларын дамыту, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының қызметіне жастардың қатысуын қолдау жоспарлануда.
    Меморандум жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және адам құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға негіз болады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі" жаңалықтары