
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілінің төрағалығымен «Азаптау және қатыгездікпен қараудың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қатысушылары, Өкілдіктің Сараптамалық кеңесінің, Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшелері, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері және облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында азаптауға және қатыгез, адамдық қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынасқа жол бермеу, сотталғандар мен қамаудағы адамдардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ мұндай фактілердің алдын алу бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Қатысушылар құқық қорғау тетіктерін жетілдіру, профилактикалық жұмысты күшейту және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара ынтымақтастығын дамытуға қатысты пікір алмасты.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, азаптаудың алдын алу және адам құқықтарын қорғау бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігі атап өтілді.









