"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың санына қарай көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіргенге дейін, бірақ 23 жасқа толғанға дейін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар болып саналады.
2026 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері:
- 4 баласы бар отбасыларға – 69 330 теңге;
- 5 баласы бар отбасыларға – 86 673 теңге;
- 6 баласы бар отбасыларға – 104 017 теңге;
- 7 баласы бар отбасыларға – 121 360 теңге;
- 8 және одан кейінгі әр балаға – 17 300 теңгеден.








