ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

    ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

    Шымкент қаласының Әділет департаментінде 30 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, әділет органдары қызметкерлерінің заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолындағы еңбегінің маңыздылығына тоқталды.

    Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, сала жұмысына үлес қосқан бірқатар қызметкерлер Департамент басшысының грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады. Жас мамандар Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен заңдарды сақтауға және өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындауға ант берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары