АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

    АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев азаматтарды жеке қабылдап, Жамбыл және Павлодар облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласы тұрғындарының өтініштерін қарады.

    Кездесу барысында азаматтар шипажайлық-курорттық және оңалту қызметтерінің сапасы, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедектікті белгілеу, «Инватакси» қызметінің жұмысы, зейнетақымен қамсыздандыру және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгінді.

    Жеке қабылдауға министрліктің бейінді комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, жергілікті атқарушы органдардың және ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

    Асқарбек Ертаев әрбір өтініш берушіні жеке тыңдап, ұсынылған материалдарды жан-жақты қарады және қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берді.

    «Азаматтармен кері байланыс – жұмысымыздың тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі. Әрбір өтініш нақты мәселені шешуге қолдау көрсетіп қана қоймай, назар аударуды қажет ететін жүйелі мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Қабылдау қорытындысы бойынша берілген барлық тапсырмалар бақылауда болады», – деді министр.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары