"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

Қазақстандағы арнаулы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар мен отбасыларға туындаған мәселелерді еңсеруге және қалыпты тіршілік әрекетін қалпына келтіруге жағдай жасауға бағытталған қызметтер кешені.
АӘҚ көрсетудің негізгі нысандары
- Стационарлық қызметтер – медициналық-әлеуметтік мекемелерде тәулік бойы тұруды, күтім көрсетуді, тамақтануды және медициналық сүйемелдеуді қамтиды.
- Жартылай стационарлық қызметтер – оңалту орталықтары мен күндізгі болу бөлімшелерінде күндіз немесе белгілі бір уақыт аралығында көрсетіледі.
- Үйде қызмет көрсету – әлеуметтік қызметкерлер мен мамандардың қызмет алушының үйіне барып, күтім жасауға, бейімделуге және қажетті дағдыларды дамытуға көмек көрсетуі.
- Уақытша болу қызметтері – белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға түнгі уақытта немесе уақытша баспанада болуға мүмкіндік береді.
АӘҚ кімдерге көрсетіледі?
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді:
- мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған және психикалық бұзылыстары бар адамдар;
- 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
- өзін-өзі күте алмайтын егде жастағы адамдар;
- төтенше жағдайлар, тұрмыстық немесе әлеуметтік мәселелер салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар мен отбасылар ала алады.








