АЛМАТЫ ӘКІМІ ӘУЕЗОВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    АЛМАТЫ ӘКІМІ ӘУЕЗОВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданындағы Жетісу-2 және Жетісу-3 шағынаудандарының тұрғындарымен кездесті. Көркейту, көше жарығы, электрмен қамту және инженерлік желілердің жай-күйі талқыланды.

    Тұрғындар жарықтандыруды жақсартуды қажет ететін аумақтарға тоқталды. Атап айтқанда, Абай даңғылының бойына қосымша жарық шамдарын орнату қажеттігін айтты. Бұл мәселе бойынша қала әкімі тиісті тапсырма берді.

    Коммуналдық инфрақұрылымның жағдайы да назардан тыс қалған жоқ. Қазір Алматыда аудандар мен шағынаудандардағы инженерлік желілерді төлқұжаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар сумен жабдықтау, электрмен қамту және кәріз желілерін тексеруде. Бұл қай аумақта жөндеу немесе желілерді ауыстыру жұмыстарына басымдық беру керектігін анықтауға мүмкіндік береді.

    Тұрғындар балалар мен аға буын өкілдеріне арналған жаңа қоғамдық кеңістік құруды да ұсынды. Осы аумақта балалар алаңы, жаттығу құрылғылары мен демалыс орны бар жаңа сквер жасау мүмкіндігі қарастырылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары