Бірыңғай есеп беру күні

    Бірыңғай есеп беру күні
    блыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен өткен бизнес-қоғамдастық алдындағы бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасына қатыстым.
    Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерімен ашық диалог орнатып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, қызметтің есепті кезеңдегі қорытындыларын таныстыру және 2026 жылы күшіне енген заңнамадағы негізгі өзгерістерді түсіндіру.
    Өз баяндамамда санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі басымдықтарына тоқталдым. Олар:
    - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету;
    - құқық бұзушылықтарды жазалаудан гөрі олардың алдын алуға, яғни профилактикаға басымдық беру;
    - бақылау-қадағалау процестерін цифрландыру;
    - бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендету;
    - бақылаудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру.
    2026 жылғы 1 ақпаннан бастап санитариялық-эпидемиологиялық саладағы ерекше бақылау және қадағалау тәртібіне қатысты бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді.
    Атап айтқанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тамақтану, тұру, медициналық көмек көрсету, білім беру, тәрбие және балаларды сауықтыру объектілеріне ерекше бақылау тәртібі қолданылады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары