Қарттар күні: ТЖД ардагерлеріне құрмет пен қамқорлық

    Қарттар күні: ТЖД ардагерлеріне құрмет пен қамқорлық

    1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінде салада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетілді.

    Осыған орай Талдықорған қаласына Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері арнайы шақырылып, оларды департамент басшылығы мен қызметкерлері мерекемен құттықтады.

    Кездесу барысында ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілеп, сый-сияпаттар табысталды. Сондай-ақ ардагерлердің Төтенше жағдайлар саласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі атап өтіліп, көп жылғы еңбегіне ризашылық білдірілді.

    Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген құрмет пен ыстық ықылас үшін алғыстарын білдіріп, қазіргі таңда жауапты қызмет атқарып жүрген жас буынға ізгі тілектерін жеткізді.

    Мерекеге орай облыстың аумақтық бөлімшелерінде де салада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, оларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша арнайы барып құттықтау ұйымдастырылды. Ардагерлерге сыйлықтар табысталып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тілектері білдірілді.

    Қарттар күні – аға буынға құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен ел игілігі жолындағы еңбегін бағалайтын ерекше мереке. Төтенше жағдайлар саласының ардагерлерінің өнегелі жолы мен мол тәжірибесі кейінгі ұрпақ үшін қашанда үлгі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары