Жетісу облысында өрт қауіпсіздігі онкүндігі жалғасуда. Оның аясында Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Онкүндіктің үшінші күні балалардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және өрттің алдын алуға ерекше назар аударылды.
Профилактикалық жұмыстар 35 мектепті қамтып, 3 547 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушыларға арнап 43 ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында балаларға өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидалары, өрт туындаған кездегі іс-әрекеттер және күнделікті өмірде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
Ақпаратты көрнекі түрде жеткізу мақсатында қатысушыларға өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы бейнероликтер көрсетіліп, қауіпсіздік ережелері туралы пайдалы мәліметтер ұсынылды. Мұндай іс-шаралар балалардың қауіпсіздік туралы білімін арттыруға, сондай-ақ өрттер мен басқа да төтенше жағдайлардың алдын алуға қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









